Кітапхана туралы
BOKEY.KZ электронды кітапханасы – Қазақ классигінің құнды қазынасы!



Электронды кітапхана bokey.kz жаңалығын қараңыздар, танысыңыздар, оқыңыздар!
Жазушылық шеберлігі ерекше, суреткерлік әлемі тылсым қаламгер өзінің таңғажайып әлеміне оқырманын жетелеп, сөз құдіретінің сан қырлы жауһарын тануға жол ашады, сөздің сиқырлы күші арқылы баурап алады, күллі дүниені ұмыттырып, өз шығармасымен жан-дүниеңді жаулап алады.
Ендеше, Қазақ сөзінің бар байлығын барынша сарқа пайдалана білген сөз зергерінің «Кербұғы», «Айпара ана», «Ардақ», «Тортай мінер ақ боз ат», «Апамның астауы» шығармалары бойынша жақұттай жарқыраған сұлу сөз әлемін назарларыңызға ұсынылатын Сөздіктер негізінде тануға мүмкіншілігіңіз мол дегіміз келеді.
Әдебиетшілер мен тіл мамандарына ғалым филолог, филология ғылымдарының кандидаты Құралай Төлеуханқызы Қайырбаеваның Оралхан Бөкей шығармаларының ізімен жасаған сөздіктерін пайдалануға ұсынамыз!
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов