Кітапхана туралы
АРЫСТАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫҚ


Кітапханамызда саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз құрбан болғандарды еске алу апталығы жалғасуда.
Бүгін Өскемен қаласының әкімдігі, Ардагерлер кеңесі және Ішкі саясат бөлімімен бірлесіп тағылымды басқосу өткіздік. Ардагерлер, өлкетанушылар, құқық саласының өкілдері тақырып бойынша терең мағлұматтармен бөлісіп, атаулы күннің жас ұрпақ үшін маңызы ерекше екенін атап өтті. Қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, тарихшы ғалым Сағынбек Ақанов қуғын-сүргінге байланысты жарияланған деректер мен кітаптар туралы әңгімелеп, құндылығын атап көрсетті. Бұл басқосуға қатысқан колледж жастары үшін тағылымды сабақ болды
Осы күнгі тағы бір шара ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қуғын-сүргін қасіреті туралы кітап көрмесі және деректі-суретті roll-up көрмемен танысты. ҚАРЛАГ, АЛЖИР абақтылары туралы деректі фильмдер көріп, тарих ақиқатына көз жеткізді.
Другие новости
20 маусым 2025

«ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ...
Дәстүрлі жазғы байқау өткізу барысымен танысыңыздар! ЕРЕЖЕ Ұйымдастырушылар: Өскемен қаласының...
19 маусым 2025

«EСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауын...
ӨСКЕМЕНДІ ӨЗГЕРТКІҢ КЕЛЕ МЕ? «ЭСО CITY–БОЛАШАҚ ӨСКЕМЕН» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз! ЕРЕЖЕ...
16 маусым 2025

«Жасанды Интеллект – Мәдениет және Өнер...
2025 жылы, 30 маусым және 1 шілде күндерінде Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы кітапханада...
Новости филиалов