Кітапхана туралы
ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ МЕҢГЕРУШІЛЕР – КІТАПХАНАДА
Біздің кітап ордамызда жастармен бірге ұстаздар қауымы да жиі мейман болады.
Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалына білім жетілдіруге келген облыс мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілерін қуана қарсы алдық.
Ұстаздар кітап ордамызға рухани саяхат жасап, жаңа жобаларымызбен танысты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Алаш қайраткерлері тарихына да ерекше ден қойды.
Қазақтың Тәуелсіздігі үшін құрбан болған Арыстарға арналған фото-дерек көрмемізбен және азаттық қайраткерлері туралы тарихи кітаптармен танысты. Геймификация сұрақтары арқылы құнды ақпараттарға қанықты.
Іс-тәжірибе жүзінде үйрету семинарлары және танымдық-тағылымдық саяхаттар - Оралхан Бөкей атындағы кітапханада! Келіңіздер, қатысыңыздар!
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов