Кітапхана туралы
БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА – КІТАПХАНАДА!
Бүгін кітап ордамыз балдырғандардың тәтті күлкісімен тербелгендей…
Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 орта мектептің 1,2,3,4 сынып оқушылары және дамыту орталығының балалары келіп, жанымызды бір жадыратып тастады. Балақайларға заманауи тамашаларымызды көрсетіп, рухани-танымдық демалыс сыйлауға бар күшімізді салдық. Планетарий күмбезінде ғарышқа саяхат жасады. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туралы бейнефильм көрді. Көргендерінен ерекше әсер алып, көпшілігі «болашақта ғарышқа ұшамыз» деп ұйғарды. Ұлттық ойындар қызығына кенелді. Әсіресе, асық атуды шынайы және виртуалды түрде ойнау балақайларға айрықша ұнады. 3D принтермен басып шығарудың «әліппесімен» де танысты. Әуелете ән шырқап, мультфильмдер көрді. Әрине, түрлі түсті суреттеріне көз тоймайтын қызықты кітаптарды да парақтады.
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов