ЖАСТАР ҮШІН – ҒЫЛЫМ ОРТАЛЫҒЫ!

Бізде жақсы жаңалық!
Қазақстанның ядролық қоғамы жанындағы Атом технологиялары ақпараттық орталығының директоры Алиев Сеит Абеуханұлы және Ресейдің Томбы политехникалық университетінің өкілдері кітапханамызға келді.
Ұсыныстары: жас ұрпақты ғылымға тарту бағытында кітапханамызбен ынтымақтаса жұмыс істеу.
Меймандар заманауи жобаларымызбен және сандық үлгідегі технологиямызбен танысты. VR студиямыздың жаңа бағдарламасы, түрлі IT-курстар мен шығармашылық шеберханаларымыздың жұмысын жоғары бағалады.
Сонымен бірге, кітапхана-бөлімшелеріміздің жаңашыл жобалары бойынша жүзеге асырған игілікті істерімізді де көрсеттік. Атап айтқанда: Экологияны зерттеп-зерделейтін және танымдық тәжірибелер жасайтын интерактивті алаң, зертханадағы заманауи құрал-жабдықтар және болашақ инженер-робототехник балалардың жаңашыл іс-тәжірибелері меймандардың көңілінен шықты.

"Біз кітапхананың технологиялық және білім беру бағытындағы мүмкіндіктерін көріп, риза болдық. Біздің күткенімізден әлдеқайда жоғары екен. Өскемендік жастарды ядролық технология саласына тарту үшін ғылыми-танымдық орталық құру бағытында Оралхан Бөкей кітапханасымен бірге белсенді жұмыс істей алатынымызға сенімдіміз, - деді «Атом технологиялары ақпараттық орталығының» директоры Алиев Сеит Абеуханұлы.
Жақында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, жастарды ғылымға тарту мақсатындағы жаңа жобамызды бастаймыз деп үміттенеміз!

Новости филиалов