Кітапхана туралы
ҰСТАЗДАРҒА ҰСЫНДЫҚ…







«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық бөлімшесіне білім жетілдіруге келген Мұғалімдер бізде жиі қонақта болады.
Кезекті мәрте келген ауыл-аймақ мектептерінің бастауыш сынып Ұстаздарына білім бағдарламасына сәйкес заманауи жобаларымыздың жетістігін ұсындық.
Кеше ғана атап өткен Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным» атты тұрақты көрмемізді алдымен таныстырдық.
Жазушы-журналист Мәриям Әбсаттардың «Алаш зиялыларының соңғы сөзі» атты деректі кітабы туралы айтып бердік. Толғаулы тақырып жалғасында Ұстаздар Алаш Арыстары туралы геймификация сұрақтарына жауап берді.
«Абай жолы» - «Бір кітаптың көрмесі» атты қабырғадағы алып кітабымыз туралы да танымдық әңгіме өрбіттік.
Осыдан кейін кітап ордамыздағы «Оралхан Бөкейдің әдеби залында» bokey.kz электрондық кітапханамыздағы жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы жинаған құнды қорымыз туралы айтып бердік.
«Оюлар сөйлейді...» атты көрмеміздің қазынасы туралы да айтарымыз көп болды.
Ұстаздар VR Киіз Үйімізде VR асық ату ойнап, көңілдерін бір сергітіп алғаннан кейін паперкрафт қағаздан түрлі бұйымдар жасаудың қыр-сырына ден қойды.
КомиксКЛУБ пен ФотоШеберханамызды да көрсеттік.
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов