Сындарлы диалог

19 маусым Оралхан Бөкей атындағы кітапханада шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен өңірді дамытуда мәдениеттің рөлі, рухани тәрбие туралы сындарлы диалог құрдық.
Әрине, Шығыс Қазақстан өңірі талантты адамдардың - суретшілердің, жазушылардың, ақындардың, шеберлердің, вокалистер мен музыканттардың киелі Отаны екені даусыз. Олар барынша адамгершілік және рухани құндылықтарды дәріптеп, мәдениетке баулу қажет. Әңгіме барысында қолдау тапқан көптеген қызықты ұсыныстар айтылды. Өз тарапымыздан, Өскеменде шығармашылық адамдардың қоғамды трансформациялау жөніндегі күш-жігерін біріктіретін шығармашылық индустрия орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Барлық аудандардың мәдени кештерін өткізу дәстүрлерін жандандырдық, оперетта театрын құрдық, спектакльдер мен концерттердің жаңа форматтарын енгіздік. Сондай-ақ фильмдер шығаруға және шығармашылықтың басқа да көріністеріне мүмкіндіктер бар. Ауылдардағы адамдар отандық және шетелдік прокаттың жаңалықтарымен таныс болуы үшін жылжымалы кинотеатрларды жандандыру идеясы бар.

Новости филиалов