БҰҚАРАҒА АРНАЛҒАН БӘЙГЕ! РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ – КІТАП CHALLENGE

Ереже:

Кітап оқу Челленджі 20 шілдеде басталып, 20 қазанда аяқталады.

Мақсаты:

Бұқараның кітап оқуға деген ынта-ықыласын арттыру. Ұлттық құндылықтарды білуге және бағалап, құрметтеуге ықпал ету. Қатысушылар: Жас мөлшеріне шектеу жоқ.

Қатысу шарты:

Челленджге қатысушыға төмендегі тақырыптар (өзі қалаған) бойынша кітаптар (санына шектеу жоқ) оқуды ұсынамыз.

Тақырыптар:

  • Қазақ тарихына арналған көркем әдебиет
  • Қазақ тарихына арналған жыр-дастандар
  • Қазақ тарихы туралы аңыз-әфсаналар
  • Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі көркем әдебиет
  • Тәуелсіз Қазақстан туралы деректі әдебиет
  • Шығыс Қазақстан аймағы туралы кітаптар

Қатысушының міндеті:

Оқыған кітаптарын көрсетіп, ол туралы пікірін (видеорецензия) және өзгелерге де оқуға кеңес беретінін айтып бейне-көрініске (видео) түсіреді. (өзі қалаған тілде, ұзақтығы 2 минут). Түсірілген Бейне-Ақпаратты ukcbs@mail.ru электрондық поштамызға 20 қазанға дейін жолдау керек.

Марапаттау:

Челлендж қорытындысы 25 қазан – Республика күнінде жарияланады. Кітапқұмар жеңімпаздар Дипломмен және арнаулы сыйлықпен марапатталады. Тақырыптар бойынша кітаптарды біздің кітапханадан алып оқуды ұсынамыз! https://bokeylibrary.kz/ сайтына кіріп, KITAP.KZ онлайн кітапханасынан электрондық кітаптарды тегін оқыңыздар. (5000-нан аса электрондық кітап бар).

Хабарласыңыздар:

+7 707 494 98 83 Мекенжайымыз: Оралхан Бөкей атындағы кітапхана, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов