«ЖАЗ - ЕРТЕГІМЕН КӨҢІЛДІ» - Battle»
Өскемен қаласы әкімінің сыйлығына кітап оқудан қалалық байқау
Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады.
Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Байқауды ұйымдастырушылар:
- Өскемен қаласының әкімдігі
- Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
- Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Байқау мерзімі: 2024 жылдың 1 тамызынан 1 қыркүйекке дейін.
Жас мөлшері: 5 жастан – 12 жасқа дейін.
Мемлекеттік тілде ертегі айтуға ықыласты өзге ұлт балаларын да байқауға қатысуға шақырамыз!
Мақсаты:
- Балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру;
- Өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру;
- Қазақ тілінде көркем сөйлеуге машықтандыру;
- Ой-саналарын, арман-қиялдарын дамытуға ықпал ету;
- Ұлт құндылықтарын бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқау шарты:
- Қатысушылар Қазақ және Әлем халықтарының мемлекеттік тілдегі ертектерін айтудан өзара жарысу;
- Ертекті мәнерлеп, көркем тілде әңгімелеу;
- Әр кейіпкердің сөзін актерлік шеберлікпен жеткізе білу.
Марапаттау:
2024 жылы, 5 қыркүйек - Ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күні. Қазақстан Халқының тілдері күні.
Құрметті жасөрім Достар!
Жайдары жазды телефонға телміріп, текке өткізбей байқауға қатысыңдар!
Көп кітап оқып, құрбы-құрдастарыңмен жарысқыларың келсе, біздің кітапханаға келіңдер.
Сендерге қажет кітаптарды біз қуана тауып береміз!
Дәл қазір бізге хабарласыңдар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22