Достар!
Сіздерді Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Тіл шебері» қалалық байқауына қатысуға шақырамыз.
«Қазақстан Халқының тілдері күніне» орай Қаныш Сәтбаевтың
125 жылдық мерейтойына арналған
«Тіл шебері» қалалық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Ұйымдастырушылар:
✓ «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
✓ Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінмеңгерген 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатысады.
Байқаудың өтетін күні, мекенжайы:
2024 жылғы, 4-қыркүйекте, сағат 11:00, Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханасы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы
Мақсаты:
➢ Үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау, қолдау және ынталандыру;
➢ Жастарды қазақ тілінде көркем сөйлеуге ынталандыру, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру;
➢ үштілділікті насихаттау.
Талапкерлер үш кезең бойынша үш тілде бақ сынайды:
1-кезең: «ЕЛТАНЫМ» – қазақ тілінде Қаныш Сәтбаев жайлы берілген сұрақтарға жауап беру;
2-кезең. «ӨНЕРТАНЫМ» – ағылшын тіліндеӨнер көрсету. Өз қалауы бойынша ән айту, мәнерлеп өлең оқу,шағын қойылым қою;
3-кезең. «СӨЗТАНЫМ» – орыс тілінде Еліміздің танымал тұлғалары, қазақ әдебиеті, салт-дәстүрі, туған жер тарихы және табиғаты бойынша ұсынылған фотосуреттер аясындағы сұрақтарғажауап беру.
Қазақ, орыс және ағылшын тілі мамандарынанқұралған «Қазылар алқасы» байқауға қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
Бағалау барысында баса мән беріледі:
✓ Мемлекеттік тілде көркем сөйлеу деңгейіне басымдық беріледі.
✓ Қаныш Сәтбаев жайлы білімі;
✓ Тілдерді меңгеру деңгейі;
✓ Өлеңдерді мәнерлеп оқу шеберлігі;
✓ Көпшілік алдында өзін ұстай білу, сөйлеу мәдениеті.
Байқау жүлдегерлері «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» арнайы дипломы, алғыс хаты және сыйлықтарымен марапатталады.