Кітапхана туралы
ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ ТӘНТІ ЕТТІ
Білім бәйгесінде талапкерлер үш кезең бойынша бақ сынасты.
«ЕЛТАНЫМ» бөлімінде ғалым Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы геймификация сұрақтарына ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ жауап берді.
«СӨЗТАНЫМ» бөлімінде Оралхан Бөкейдің шығармалары бойынша сұрақтарға ОРЫС тілінде айтса, «ӨНЕРТАНЫМ» кезеңінде АҒЫЛШЫН тілінде өнер көрсетті. Осылайша өздерін жан-жақты сынға салған қатысушылардың арасынан үш тіл білгірі топ жарып шықты.
БАС ЖҮЛДЕ – Райымханова Еркежан, № 24 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
1 ОРЫН – Қожамбердиева Сабина
2 ОРЫН – Сайлауова Нұрай, Ахмер орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
3 ОРЫН – Гүлнар Армияқызы, Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Жеңімпаздарды Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі дипломмен және бағалы сыйлықтармен қуантты.
Алаш қайраткері, Ұлтымыздың бас Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және «Қазақстан Халқының тілдері күніне» орай ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «ТІЛ ШЕБЕРІ» қалалық байқауын Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ынтымақтаса өткізді.
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов