ОБЛЫС ТӘЛІМГЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІК

"Өрлеу" БАҰО" АҚ ШҚО бөлімшесіне біліктіліктерін арттыруға келген облыс мектептерінің тәлімгерлері кітапханамызға келді.

Әдеттегідей рухани ошағымыздағы заманауи жобалар бойынша жүзеге асырған жұмыстарымызды көрсеттік.

Оралхан Бөкей өмірбаяны мен шығармалары туралы тың деректер жинақталған «Bokey.kz « электрондық кітапханамызбен таныстырдық.

Өз кезегінде жас жазушылардың жаңа шыққан кітаптарына шолу жасадық.

Заманауи технология мен Жасанды Интеллект арқылы жасаған шығармашылықтарымызды да көрсетіп, қалай жасағанымыз туралы әңгімеледік.

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, дәріптейтін үйірмелер мен клубтарымыздың жаңашыл шаралары туралы да егжей-тегжейлі баяндадық.

Новости филиалов