«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: КІТАПХАНА САЛАСЫНДА»: ғылыми-тәжірибелік конференция

Кітапхана басшыларына

Өскемен қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана және Шығыс Қазақстан облысының кітапханашылар қауымдастығы әріптестерін «Кітапхана ісіндегі Жасанды Интеллект» атты тренинг-сессиялар өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция биылғы жылдың 3-4 қазанында О.Бөкей атындағы кітапхананың мәжіліс залында өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.

Қазақстан және көршілес елдердің барлық деңгейдегі кітапханаларының өкілдері, ғалымдар, аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер барлық үлгідегі кітапханаларда жасанды интеллектті қолданудың тәсілдері мен қолданыстағы практикалық тәжірибесін сипаттайтын баяндамалар жасайды.

Конференцияның маңызды бөлігінде дәстүрлі кітапханалық үдерістерді орындау кезінде ең танымал жасанды нейрондық желілердің мүмкіндіктерін дамытуға арналған тренингтік сессиялар мен шеберлік сыныптары өткізіледі.

Конференцияда сондай-ақ «Кітапханалар және нейрондық желілер: байланыс нүктелері» атты Дөңгелек үстел өтеді, онда жетекші сарапшылар саладағы ЖИ-қосымшаларын дамытудың жақын перспективалары мен бағыттары, тәуекелдері мен жаңа мүмкіндіктері туралы пікірлерімен бөліседі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі қаулысымен бекітілген «Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыруда кітапханаларды біріктіру жолдары белгіленеді.

Конференцияның негізгі спикері, тренингтік сессиялардың жетекшісі және кәсіби жиынның модераторы Вадим Константинович Степанов - Ресей ғылым академиясының
қоғамдық ғылымдар бойынша Ғылыми ақпарат институтының кітапхана ісі бойынша ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің ақпараттық-талдау қызметі кафедрасының доценті.

Конференцияға қатысу тегін. Жол және тұру шығындары жіберуші тарап есебінен. Конференцияға қатысу үшін 2024 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 18.00-ге дейін www.bokeylibrary.kz сайтында онлайн-тіркелуден өту қажет, немесе электрондық поштаға Өтінімді жіберуге болады (форма қоса берілген).

Байланыс: тел. 8(723) 2 250364, 251770, +77472128331 - What’sApp.
Электронды пошта: ukcbs@mail.kz, ukcbs@mail.ru.
Жиенбекова Жанат Маутовна: +77778550705, +7 707 494 9883 – What’sApp.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Конференцияға келуді жоспарлаған болсаңыздар, назар аударыңыздар!
Қонақүй, немесе пәтер жалдауға көмек керек болса, келесі мекенжайларға хабарласуды ұсынамыз!

Гостиница «Ақ Тай». Проживание от  8000 тг.  Завтрак входит в стоимость.  Прачечная. Адрес: Улица Лихарева, 8/2

Гостиница «Турист». Проживание от  8000 тг.  Завтрак входит в стоимость.  Прачечная. Адрес: Проспект Абая, 9

Гостиница «Phorto Bella». Проживание от  15000 тг.  Завтрак входит в стоимость.  Адрес: Улица Протозанова, 95/1

СПА-Отель «Делюкс». Проживание от  17000 тг.  В стоимость проживания входят бассейн, сауна, завтрак. Адрес: Улица Кайсенова, 28а

Гостиница «Терек». Проживание от  14000 тг.  Завтрак входит в стоимость.  Прачечная. Адрес: ​ Улица Красина, 8г

Қосымша

2024 жылдың 3-4 қазанында өткізілетін

«Кітапхана ісіндегі Жасанды Интеллект» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға арналған

Өтініш

Тегі, аты-жөні _____________________________________________________

Лауазымы және қызмет орны _______________________________________

Мекен-жайы (пошта)______________________________________________

Байланыс телефоны  _____________________________________________

Электрондық адресі _____

Қонақүй/пәтер жалдау қажеттілігі  ______

Новости филиалов