Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары кітапханада қонақта!

25-қазан Республика күні. Кітапханамызда айтулы мерекеге арналған кітап көрмесін оқырман назарына ұсындық. Кітапхана оқырмандарымен әңгіме барысында кітапханашы ҚР тәуелсіздігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның жетістіктерін, Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегі туралы баяндадық. Кейіннен рухани ошағымыздағы заманауи жобалар бойынша жүзеге асырған жұмыстарымызды көрсеттік.
Оралхан Бөкей шығармалары мен өмірі туралы тың деректер жинақталған «Bokey.kz « электрондық кітапханамызбен таныстырдық.
Заманауи технология мен Жасанды Интеллект арқылы жасаған шығармашылықтарымызды да көрсетіп, жасалу қыр-сыры туралы әңгімеледік.
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, дәріптейтін үйірме, клубтарымыздың жаңашыл шаралары туралы да егжей-тегжейлі айтып бердік.

Новости филиалов