Кітапхана туралы
АТОМ – АУРУДЫ ЕМДЕЙДІ



Кітап ордамызда «АТОМТАНУ» жобасы аясында Томбы политехникалық университетімен бірлескен ядролық медицина тақырыбындағы кезекті дәріс өткіздік.
Танымдық шара барысында «Ядролық технология инженерлік мектебінің» «Ядролық-отын кезеңі» бөлімінің доценті, «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» атты білім бағдарламасының басшысы Андрей Семенов ядролық медицина туралы бізге беймәлім құнды ақпараттар айтты.
Ядролық медицинаны денсаулық саласында пайдаланудың маңызы, обыр (рак) ауруын гамма-сәуле, нейтронды-протонмен және басқа да радиациялық технологиямен емдеу мәселелері талқыланды.
Денсаулық мекемелерін радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жолдары туралы да айтылды. Әрине, өз кезегінде жастар көкейлерінде жүрген көп сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Осылайша, дәріске қатысушылар Ядролық Медицинаның ауруды анықтау және емдеудегі маңызы мен тиімділігі, заманауи технология және денсаулық саласындағы жаңашылдықтар туралы білім-танымдарын байытты.
«АТОМТАНУ» атты жобамыздың аясында Томбы политехникалық университетімен бірлесіп Ядролық медицина тақырыбындағы танымдық дәрістерімізді келешекте де жалғастыратын боламыз.
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов