Кітапхана туралы
ҚАЗАҚ ТЕҢГЕСІ – МЕМЛЕКЕТ МӘРТЕБЕСІ
Сіздің әмияныңызда «Сақ мәнері» топтамасымен шыққан жаңа Теңге бар ма?
Бізде бар – көрсетеміз және айтып береміз!
2024 жылы, 5 – 15 қараша аралығында, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Ұлттық Ақшамыздың мерейлі күніне орай өткізілетін «ҚАЗАҚ ТЕҢГЕСІ – МЕМЛЕКЕТ МӘРТЕБЕСІ» атты көп бөлімді шарамызға шақырамыз!
БАҒДАРЛАМАДА:
- 2023 – 2025 жылдар аралығында «Сақ мәнері» топтамасымен шығарылатын жаңа Теңгелер туралы айтып береміз және викторина ойнаймыз.
- Теңге тарихы туралы деректі кітаптар және мерзімді басылымдар мен журналдар ұсынылған «Қазақ Теңгесі – Мемлекет мәртебесі» атты көрмемен тарихшы мамандарымыз жан-жақты таныстырады.
- 1993 жылы шыққан тұңғыш ақшамыз туралы «Тұлғалар бейнесі – Теңгеде» атты бейнеролигімізде куә боласыздар.
- Кітап ордамыздың үлкен экранды кино-залында теңге тарихы туралы деректі фильмдер көрсетеміз.
Тәуелсіз Еліміздің төл Теңгесін бірге дәріптеп, мерейін асырайық!
Келіңіздер! Қуана қарсы аламыз!
Хабарласыңыздар
8 (7232) 25-17-70,
8 747 21 28 331
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов