“Ұлттық валюта – дала дәстүріне тағызым”

15 қараша Ұлттық валюта күніне орай кітапханамыздың ұйымдастырып отырған кезекті көрмесі өз оқырманын асыға күтуде. Алғашқылардың бірі болып Дәулет Серікбаев атындағы техникалық оқу орынынан оқырмандар келді. Жастарға төл теңгеміздің тарихы жайлы сонымен қатар, жаңадан шыққан "Сақ стилі" сериясы жайлы біраз әңгімелеп бердік. Жаңа банкноттар жайлы деректер студенттердің қызығушылықтарын туғызды, оларға аң стилінде кескінделген өлшемдері әр түрлі валюталар ерекше әсер сыйлады. "Сақ стилі" жайлы және аңдардың бейнелері туралы құнды деректерді тыңдап, кейін сол бойынша білімдерін тексерді. Жастардың назарына "Теңге алу" ойынын ұсындық, арнайы жаңа банкноттардың бейнесімен ұсынылған ақшаларда сұрақтар берілген, былайша айтқанда алған білімдерін сынап тексеріп те көрді. Студенттермен кері байланыс қарқынды жүргізілді. Кейіннен арнайы жаңа серия бойынша деректі фильмді де тамашалап, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымызды туралайтын төл теңгелеріміз жайлы тамаша әсер алды. Жалынды жастар киіз үйге кіргенде өз өнерлерін де паш етті. Біреуі, домбыраның құлағында ойнаса, екіншісі тұнып тұрған математикалық ойын тоғызқұмалақты да керемет меңгерген екен. Студенттер дән риза, кітапханадан жаңа шабыт алған жастарымыз өз сабақтарында ерекше серпіліспен оқиды деген үміттеміз!

Новости филиалов