Кітапхана туралы
ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ МЕРЕКЕСІН БАСТАДЫҚ!





Ұлттық Теңгеміздің мерейлі мерекесін бастап та кеттік.
Кітап ордамызға келген Өскемен қаржы және экономика колледжінің студенттеріне «Теңге – Тәуелсіздік белгісі» атты ақпаратты- көрнекі ROLLUP көрмемізде теңгеміздің тарихымен таныстырдық.
«Қазақ Теңгесі – Мемлекет мәртебесі» атты көрмемізде теңге туралы жазылған кітаптар мен мерзімдік басылымдарды парақтап, құнды ақпараттар айтып бердік.
2023-2025 жылдар аралығында шығарылатын «Сақ мәнеріндегі» теңгелердің ұлттық құндылықтармен қалай безендірілгенін көрсеттік. Бейнелердің мағынасы және мақсаты туралы әңгімеледік.
Кітап ордамыздың үлкен экранды кино – залында төл Теңгеміздің тарихы және «Сақ мәнеріндегі» жаңа Теңгелер туралы деректі фильмдер көрсеттік.
Болашақ қаржыгерлер Теңге туралы геймификация – викторина ойынында сұрақтарға жауап беру арқылы, ұлттық Ақшамыз туралы құнды ақпараттар алды.
Келіңіздер, төл Теңгемізді бірге дәріптейік!
Сынып, Ұжым болып келсеңіздер, бек қуанамыз!.
Хабарласыңыздар!
8 (7232) 25-17-70
8 747 21 28 331
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов