Кітапхана туралы
“Сарыарқа саңлағы – Бейімбет Майлинге 130 жыл”



Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, әңгіме жанрының хас шебері, ақын Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл.
Үш бәйтеректің бірі Бейімбет Майлин аз ғана ғұмырдың ішінде біраз шаруаны тындырып кетті. Қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтерді. Кітапхана жазушы шығармаларымен толысқан көрмені оқырман назарына ұсынды. Аптаның алғашқы күндері бізге ҚР Ұлттық Ұланы Шығыс өңірлік қолбасшылығы 5518 әскери бөлімнің сарбаздары келді. Жігіттер кітапхананың қайнап жатқан жұмысымен танысып, ерекше үлгідегі жаңа технологиялармен арнайы курстар жайлы керемет ақпарат ала білді. Кейіннен Бейімбет Майлиннің шығармашылығымен танысып, өмір жолы жайлы тың деректерді біле түсті. Қазақтың маңдайына біткен "Үш бәйтерек - үш діңгек" жайлы бейнефильм көріп, Алашордашылардың өмір жолы туралы біршама дерек алды. Біз сіздерді рухани ордамызда асыға күтеміз!
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов