Кітапхана туралы
«Менің байтақ Отаным»!







Отанымыздың Тәуелсіздігі күні қарсаңында кітап ордамызға қаламыздың жиырмаға жуық мектебінің оқушылары келді.
Жастар кітап қорымен танысумен бірге заманауи технология кереметтеріне де куә болды. Сандық үлгідегі технология: 3D үлгілерін жасау және басып шығару, VR қашықтағы шынайылықтар, AR толықтырылған шынайылықтар, компьютерде өз ойындарын жасауды үйрену, қосымша жасау сияқты жаңашылдықтар балалардың қиялына қанат қақтырғандай болды.
«Менің байтақ Отаным»!» атты интерактивті картамыз арқылы еліміздің қалаларына саяхат жасап, әр өлкенің танымал тұлғалары мен киелі жерлері туралы қызықты ақпараттар алды.
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана – өскелең ұрпақтың болашағына бағыт беріп, армандарына бағдаршам болар руханият ордасы.
Біліммен бірге заманауи технологияның да қыр-сырын меңгеруі үшін біз жастарға барлық жағдайды жасап, жан-жақты қызмет көрсетеміз, үйретеміз, шабыттандырамыз!
Құрметті Достар!
Еліміздің жан-жақты дамыған ұл-қыздары болғыларың келсе, біздің кітап ордамызға келіңдер!
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Хабарласыңдар, қуанамыз:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов