Кітапхана туралы
ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҚСЫЛЫҚ СЫЙЛА!






Бүгін кітап ордамыз ән-күйге бөленді. «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҚСЫЛЫҚ СЫЙЛА!» атты мейрам өткіздік. Танымал әнші-ұстаз Нағима Әлімбаева өзі жетекшілік ететін «FANTASU» студиясының жас дарындарымен бірге қамкөңіл жастарға өнерлерімен жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.
Осыдан кейін Аяз ата мен Ақшақар ақ тілектерімен құттықтап, қуантты. Мәз-мейрам болған ұл-қыздардың жайнаған жүзін көріп, біз де қуанышқа кенелдік.
Балаларға өнер тартуын жолдаған «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ директоры Тарина Нұргүл Мампасқызына алғыс айтамыз!
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов