Кітапхана туралы
Ғылым ғажайыптары! Шабытты шығармашылық! Таңғажайып оқиғалар!
БАЛАЛАР, ҚЫЗЫҚТАН ҚҰР ҚАЛМАҢДАР!
Қысқы демалыстарың ды керемет өткізгілерің келе ме?
Төмендегі ұсыныстарды оқып шығыңдар!
Ғылым ғажайыптары! Шабытты шығармашылық! Таңғажайып оқиғалар!
2024 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕЛТОҚСАНЫНАН - 2025 ЖЫЛДЫҢ 8 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН
КІТАПХАНАМЫЗҒА КЕЛІП, КЕРЕМЕТТЕРГЕ КУӘ БОЛЫҢДАР!
- КОМИКС-КЛУБТАҒЫ ФИЗИКА ҒАЖАЙЫПТАРЫ
Физикалық тәжірибелер арқылы комикс кейіпкерлеріне жан бітіресіңдер!
Викториналар, ғылыми тәжірибелер және сенсорлық ойындар арқылы
таңғажайып әлемге тап боласыңдар!
Болатын күні:
2024 жылғы 30 желтоқсан, сағат 10:00
- ҮЛКЕН ЭКРАНДЫ КИНО-ЗАЛЫМЫЗДА
ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ОҚИҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ
КЕЛЕСІ МУЛЬТФИЛЬМДЕРДІ КӨРЕСІҢДЕР
- «Көкке»
- «Рататуй»
- «Үй жануарларының құпия өмірі»
- «Ойыншықтар хиқаясы 4»
- «Мұзбалақ»
- «Батыл жүрек»
Болатын күні:
2024 жылғы 31 желтоқсан, сағат 11:00
- МУЛЬТФИЛЬМ ТҮСІРУДІ ҮЙРЕТЕМІЗ
«Лақтар» атты қазақ ертегісіндегі сүйкімді кейіпкерлердің
бейнелерін өздерің жасайсыңдар.
Содан кейін мультстудияда мультфильм түсіруді үйренесіңдер.
Болатын күні:
2025 жыл, 5 қаңтар, сағат 11:00
- РОБОТ ЖАСАЙСЫҢДАР
lego құрылымының көмегімен қиялдарыңдағы роботты
өз қолдарыңмен жасауды үйренесіңдер.
Күні: 2025 жыл, 6 қаңтар
Сағат 11:00
- ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТПЕН
БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАРЫҢДЫ ТАҢДАЙСЫҢДАР
Болатын күні:
2025 жыл, 8 қаңтар, сағат 11:00
✨ «МЕНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ОҚИҒАЛАРЫМ» ӘДЕБИ БАЙҚАУ
ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАЙМЫЗ.
Болатын күні:
2025 жыл, 8 қаңтар, сағат 15:00
БАЛАЛАР, біздің шараларымызға қатыссаңдар,
шығармашылық дарындарыңды дамытасыңдар!
Ғылым мен Заманауи технологияны меңгересіңдер!
Мектептеріңдегі жан-жақты өнерлі оқушылардың бірі атанасыңдар!
Жаңа Достар табасыңдар және бос уақытты пайдалы өткізесіңдер!
Келіңдер, күтеміз және қуана қарсы аламыз!
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славсий атындағы Ертіс жағалауы, 22
СҰРАҚТАРЫҢ БОЛСА, ХАБАРЛАСЫҢДАР!
ҚУАНА ЖАУАП БЕРЕМІЗ!
77472128331
+77052534591
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов