Өткен демалыс күндері Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Робовалли мектебі мен бірлесіп ұйымдастырылған қызықты екі күндік робототехника хакатоны өтті. Шараға Абай облысы, Шемонаих ауданы, Семей қаласы, Өскемен қаласынан келген робототехника мұғалімдері мен, әрине, кітапхана командасы қатысты.
Қатысушылар робототехника әлеміне сүңгіп, Skill For Geeks және Robotek Grand Tournament сияқты маңызды жарыстарға дайындалып, LEGO MINDSTORMS EV3 роботының көмегімен тапсырмаларды орындады және турнирге дайындық үшін стратегиялар құрастырып жатты.
Іс-шараның бағдарламасы қызықты әрі танымды болды. Алғашқы күні қатысушыларға жарыс ережелері мен талаптары таныстырылды, сондай-ақ роботтардың техникалық талаптары түсіндірілді. Мұғалімдер мен қатысушылар практикалық тапсырмалармен жұмыс жасап, алгоритмдер, сенсорларды баптау және роботтарды бағдарламалау бойынша білімдерін кеңейтті.
Екінші күн жарыстарға және командаларда практикалық жұмыс жасауға арналды. Қатысушылар турнирдің тапсырмаларын орындап, алынған білімдерін тәжірибе жүзінде қолданды. Бұл өз кезегінде командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік берді. Екі күннің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Іс-шара қатысушыларға робототехника саласындағы білімдерін тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және роботтарды құрастыру мен бағдарламалау үдерісінен ләззат алуға тамаша мүмкіндік болды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар хакатонның нәтижелеріне ризашылығын білдіріп, кітапхана өз кезегінде жастардың технологиялар мен инженерия саласындағы білімін дамытуға үлкен үлес қосқанын тағы да дәлелдеді.