Кітапхана туралы
КІШКЕНТАЙ ЖАЗУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫҚ!

Өткен жылдың 20 қарашасы мен жаңа жылдың 5 қаңтары аралығында жарияланған «Жаңа жылдағы менің қызықты оқиғаларым» атты әдеби байқауымызды қорытындыладық. Жиырмадан аса бала өздерінің жаңа жылдағы қызықтары туралы әңгімелерін байқауға жолдаған екен. Солардың ішінде Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан қатысқан жас дарынның марапатын электрондық пошта арқылы жолдадық. Ал, басқа жеңімпаздарды кітап ордамызда марапаттап, арнайы сыйлықтарымызды тарту етіп қуанттық. Жазушы балалардың әңгімелерін кітап ордамыздың сайтында бұқара назарына ұсынатын боламыз!
Барлық дарынды жас Достарымызға және оларды қолдаған Ата-Аналарына алғыс айтамыз! Келешекте де біздің түрлі байқауларымызға қатысып, жеңімпаз атануларына тілектеспіз!
Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов