Кітапхана туралы
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АКЦИЯ БАСТАДЫ!





«Ауыл» партиясының ШҚО бойынша Жастар қанаты «Кітап – Руханият өзегі» атты жалпы республикалық акция бастады!
Осы бастамаға орай бүгін кітап ордамызда бірлескен шара өткізіліп, рухани науқанды өткізу барысы туралы әңгіме қозғалды.
Республикалық акция өткізудің мақсаты – пайдаланылған кітаптарды жинап, бұқараға ұсыну. Ауыл мен қала арасында өзара кітап алмасуды ұйымдастыру. Бұл кітаптың құндылығын сақтауға және рухани мұраны келер ұрпаққа жеткізуге септігін тигізеді.
Құрметті Достар!
Ауылдағы Ағайынға кітап тарту еткілеріңіз келсе, біздің кітапханаға әкелулеріңізге болады. «Ауыл» партиясы сіздердің рухани сыйлықтарыңызды Ауылдағы Ағайынға жеткізеді!
Акция 23 сәуір – Ұлттық кітаптар күніне дейін жалғасады.
Біздің мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов