Жазушы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «ЖАРЫҚ ДҮНИЕ» республикалық проза байқауын жариялаймыз!
Жасыңыз 20-50 аралығында ма? Ендеше, қолыңызға қалам алыңыз!
Мынау жарық дүниеде өзіңізді толғандырған тақырыпта жас ұрпаққа ұлағат болар әңгіме жазып, байқауға жолдаңыз!
Әрине, алдымен Ережемен танысып алыңыз.
ЕРЕЖЕ
Прозамыз кебір арпаның талқанын кебегімен жұтып отырғандай кеңірдегіңнен өтпейді. Себебі, тіліміздің бояуын жоғалтып алдық, поэтикалық образ жоқ...
Қалихан Ысқақ.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС МӨЛШЕРІ
Еліміздің барлық аймағынан 20 – 50 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады.
БАЙҚАУ ЖАНРЫ
Әңгіме
Байқауды Қалихан Ысқақтың «ЖАРЫҚ ДҮНИЕ» атты жинағының атауымен жарияладық. Қатысушылар шығармаларына өз авторлық атауларын қояды.
Қолыңызға қалам алмас бұрын Қалихан Ысқақтың көркем және деректі мұрасын оқып шығуды ұсынамыз!
ЕСКЕРТУ
Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың өткен жылдардағы әдеби байқауларында жүлдегер атанған авторлар байқауға қатыстырылмайды.
ТАЛАПТАР
1. Мемлекеттік тілде жазылуы;
2. 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жариялануына орай шығармаңыздың басты кейіпкері еңбек адамы болғаны абзал;
3. Әріп өлшемі – 14, Times New Roman; 1,5 арақашықтығында болуы;
4. Он бес (15) беттен аспауы;
5. Бұрын ешқайда жарияланбауы;
6. Көркем тілде һәм сауатты жазылуы, тәрбиелік маңызы болуы тиіс.
7. Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін, яғни ұлтараздықты, дінаралық алауыздықты тудыратын, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, адамның ар-ожданына тиетін және т.б. теріс пиғылдағы шығармалар байқауға қабылданбайды;
8. Автор аты-жөнін, жұмыс орынын, тұрғылықты мекенжайын, телефонын және электрондық мекенжайын нақты жазуы керек;
9. Әр автордан тек бір ғана жұмыс қабылданады.
ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
2025 жылдың 1 ақпанынан – 1 тамызына дейін ukcbs@mail.kz электрондық поштамызға жолдау;
Фестиваль тақырыбына, талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар байқауға қабылданбайды;
Кәсіби мамандардан құрылған «Қазылар алқасы» жұмыстарды жан - жақты бағалайды.
ЖҮЛДЕЛЕР
БАС ЖҮЛДЕ – Қалихан Ысқақтың бейнесі бедерленген естелік ескерткіш және Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, қаржылай сыйлық Сертификаты;
1, 2, 3 орын – Өскемен қаласы әкімінің Дипломы, қаржылай сыйлық Сертификаты;
Ынталандыру сыйлығы (3) - Өскемен қаласы әкімінің Дипломы және Сертификаты.
МАРАПАТТАУ
2025 жылы, 20 тамызда Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада жүлдегерлерді марапаттау салтанаты өтеді.
Қалихан Ысқақтың туған жеріне саяхат ұйымдастырылады. Жеңімпаздар Өскеменге марапаттау салтанатына келу жол шығынын өз есептерінен төлейді.
АВТОРДЫҢ КЕЛІСІМІ
Ұсынылған шығармаға авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік беруге;
Шығармашылық жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, немесе әлеуметтік желілерде жариялауға;
Ұйымдастырушыға қандай да бір қаржылық талаптар қоймауға келісім береді.
БАЙҚАУ МАҚСАТЫ
Қалихан Ысқақтың әдеби мұрасын насихаттау, дәріптеу
Қалихан Ысқақтай жазатын дарындарды анықтау, қолдау
Ұлттық құндылықтарды және Еңбек Адамдарын жас ұрпаққа ұлағат ету
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
Өскемен қаласының әкімдігі
«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО бөлімшесі
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Сауалдарыңыз болса, хабарласыңыздар:
+7 7778550705,
8(7232) 25-17-70
+7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы