Кітапхана туралы
Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған танымдық шара өтті







Күні кеше қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мағауин тірі болғанда 85 жасқа толар еді. Осыған орай, кітапханада жазушының бай мұрасын дәріптеу және шығармашылығымен танысуға арналған тағылымды кездесу өтті.
Шараға мектеп оқушылары қатысып, тарихтың терең тамырын зерттеген Мұхтар Мағауиннің еңбектерімен танысты. Кітапхана қызметкерлері жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оқырмандарға тың мәліметтер ұсынды.
Сонымен қатар, қатысушыларға арнайы авторлық танымдық жоба – “Қобыз сарыны” ұсынылды. Бұл жоба арқылы ұлттық аспаптың тарихы мен құрылымы таныстырылып, оның әдебиеттегі орны мен маңызы туралы айтылды. Жоба аясында оқушылар кітап оқудың маңыздылығын түсініп, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды.
Ұлт руханиятын ұлықтау – болашақтың кепілі!
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов