Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Ауған соғысына 36 жыл

15 ақпан – Ауған жері шекарасынан Кеңес әскерінің соңғы жауынгері шыққан күн. Он жылға созылған осынау сұрапыл соғыстың аяқталғанына биыл 36 жыл толды. Осы атаулы күнге орай, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада тарихи-танымдық шара өтті.

Шараға Өскемендегі Экономика және техникалық колледжінің студенттері мен ШҚО ТЖД құтқарушылары қатысты. Қатысушылар Ауған соғысының тарихына үңіліп, жауынгерлердің ерліктері жайлы тың ақпарат алды. 3338 күнге созылған бұл әскери қақтығыстың ақиқаты жайлы кең әңгіме өрбіді.

Кездесу барысында Ауған соғысының аты аңызға айналған батырларының бірі, “Қара майор” лақап есіммен белгілі атақты Борис Керімбаев, оның ерліктері, әскери және өмір жолдары туралы арнайы деректі фильм көрсетілді.

Кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға Ауған соғысы жайлы құнды еңбектер ұсынылды.

Шара рухты әнмен аяқталып, қатысушылар жауынгерлер рухына тағзым етті.

Бұл күн – ерлікті ұлықтайтын, тарихтан тағылым алатын күн!

Новости филиалов