Кітапхана туралы
Ұлттық құндылықтар – біздің мұрамыз!















Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ерекше шара өтті. Студенттер кітапханамыздың тыныс-тіршілігімен танысып, мәдени-рухани ортаның мүмкіндіктерін кеңінен зерттеді.
Қонақтар VR киіз үйіне кіріп, заманауи технологиялар арқылы ұлттық дәстүрлермен танысты. Сондай-ақ, рух беріп, ой-өрісін дамытатын үйірмелер жайлы ақпарат алды.
“Бата алсаң – бақ қонады” және “Жеті атаңды білсең – жете біл” атты үйірмелер студенттерге ата-баба мұрасын тереңірек түсінуге жол ашты.
VR көзілдіріктің көмегімен асық ойнап, қазақ халқының ежелгі ойындарын жаңа форматта сезінді.
Кездесу соңында студенттер ұлттық ойындардан сайысқа түсіп, ләңгі теуіп, асық ойнап, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу – болашаққа салынған алтын көпір!
Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов