Қазақ қазынасына қосылған тағы бір құнды кітаптың тұсауын кесіп, бұқараға ұсындық.
«АРМАНДАҒАН КИЕЛІ ЖЕР – АҚСУ» атты бұл рухани ризық туған Жер мен Елді дәріптеген ерекше жинақ деуге болады. Авторы – Катонқарағай ауданының Ақсу ауылында ұстаз және мектеп директоры болып абыройлы қызмет еткен НАЗИГҮЛ СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ.
Жаңа кітапты қазақтың қасиетті ақ сандығымен, рухты күй әуенінде салтанатты түрде төрге әкелу сәті ерекше әсерлі болды. Аймағымыздың ардақты азаматы Кеңесхан Ноғайбаев және денсаулық сақтау саласының ардагері Сабира Көбентаева тұсау кесу рәсімін жасап, ақжол тіледі.
Әрине, әсерлі естеліктер айтылып, туған жер туралы рухты әндер әуелеп, жиналған жұртшылық ізгі лебіздерін білдірді.
Еліміздің әр аймағынан және сонау Ресей қалаларынан шәкірттері мен әріптестерінің жолдаған видео-тілектері де Назигүл Серғазықызының мерейін асырды.
Ауылға және Ағайынға деген махаббат пен құрметті дәріптеген «Армандаған киелі жер – Ақсу» атты бұл жинақ жас ұрпаққа ұлағат болары анық.
Жаңа кітапты біздің кітап ордамыздан алып, оқуды ұсынамыз!










Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22


