Кітапхана туралы
№3 Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп оқушылары кітапханада тәрбие сағатын өткізді







Бүгін кітапханамызда №3 Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 6-сынып оқушыларының қатысуымен бала құқықтары мен міндеттері тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Шара барысында оқушылар БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына тоқталып, әр баланың өмір сүру, білім алу, медициналық көмекке қол жеткізу, өз ойын еркін білдіру сынды негізгі құқықтарымен танысты. Сонымен қатар, балаға өз құқығымен қатар міндеттерді де білу маңызды екені айтылды. Яғни, үлкендерді құрметтеу, тәртіп сақтау, білім алуға ұмтылу, қоршаған ортаға қамқорлық таныту – әр баланың жауапкершілігі.
Іс-шара түрлі сұрақ-жауаптар, пікірталастар және көрнекі материалдар арқылы қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, өз құқықтары мен міндеттері жайлы көбірек мағлұмат алды.
Осындай тәрбиелік маңызы зор кездесулер балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосады. Кітапхана ұжымы мектеп оқушылары мен ұстаздарына алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай мазмұнды шаралар жалғасады деп сенеміз!
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов