







Жеңіспен аяқталғанына биыл 80 жыл толған Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін орасан зор зұлматтың бірі болды. Миллионнан астам қазақстандық майданға аттанып, олардың жартысына жуығы туған жер топырағына қайтып оралмады.
Көппен бірге 1418 күнге созылған соғысқа жүзге жуық көрнекті ақын-жазушыларымыз да қатысты.
Сол майданда көзімен көргені мен көкірегіне түйгендері кеудеге симай, қару ұстаған қолдарына қалам алып, болашақ ұрпаққа ізгілік дәнегін себуге құлшына кіріскен ақын-жазушылар да аз болмады.
Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин, Баубек Бұлқышев, Қасым Аманжолов, Ілияс Есенберлин, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов, Әбу Сәрсенбаев, тағы басқалары Екінші дүниежүзілік соғысының майдангерлері осылардың қатарына жатады.
Аталмыш майдангер-қаламгерлердің шығармаларынан көрме ұйымдастырылып, оны Төтенше жағдай министрлігі дайындық мектебінің курсанттары тамашалады. Құтқарушыларға, сонымен қатар, тарихи фильмдер көрсетіліп, кітаптарға шолу жасалды.


