Кітапхана туралы
“Ұлы мәртебелі әйел” кітап көрмесі







Құрметті оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға “Ұлы мәртебелі әйел” атты ерекше кітап көрмесін ұсынамыз. Бұл көрме – еліміздің дамуына үлес қосқан, есімі ел тарихында алтын әріппен жазылған нәзік жандыларға арналған.
Көрме барысында Шығыс Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен Қазақстанның әр саласында үздік бола білген әйелдері туралы құнды еңбектер ұсынылды. Олардың арасында ел мақтанышы, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаева. Сондай-ақ Алханова Раушан Әбсейітқызы – еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан, өз саласының білікті маманы, қоғам қайраткері. Ол саналы ғұмырын ел игілігіне арнап, қажырлы еңбегімен өңірдің өркендеуіне үлес қосты.
Осындай ардақты тұлғалар – елдің мақтанышы!
Көрмеге Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектептің 8 сынып оқушылары келіп, ерекше әсер алды. Шара барысында оқушылар тек кітаптармен танысып қана қоймай, арнайы дайындалған әуезді бейнероликті тамашалады. Көрменің шарықтау шегінде ұлдар сыныптас қыздарына тосын сый жасап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл көрме – қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлін ұлықтауға, олардың еңбегін бағалауға арналған тағылымды кездесу болды.
Қадірлі оқырмандар, сіздерді де осы ерекше көрмені тамашалауға шақырамыз!
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов