Өскемен қаласы мектептерінің 9, 10, 11 сынып оқушыларын «МЕНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДЫҒЫМ»
қалалық байқауына қатысуға шақырамыз!
Шығармашылық жұмыстарды қабылдау: 2025 жылдың 5 ақпанынан 20 сәуірге дейін.
ЕРЕЖЕ
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
Өскемен қаласы мектептерінің 9, 10, 11 сынып оқушылары
байқауға қатыса алады.
ТАПСЫРМА
Төмендегі сауалдар бойынша
болашақта қандай мамандық иесі болуды
армандайтының туралы бейнеролик жаса.
- Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
- Бұл мамандықты таңдауға не түрткі болды, немесе кім әсер етті?
- Өзің қалаған мамандықтың иесі болу үшін қазірден бастап дайындалып жүрсің бе?
- Қалаған мамандық иесі болсаң, сол салада қандай заманауи жаңашылдықтар енгізер едің?
- Сен армандаған мамандық бойынша қызмет етіп жүрген қандай тұлғаларды білесің?
- Дәл қазіргі кезде кімді үлгі тұтасың?
- Қалаған мамандығың туралы көркем, немесе деректі кітап оқыдың ба?
- Өзің қалаған мамандық саласында елді өркендету үшін қандай заманауи құрал ойлап тапқың келеді?
ТЕХНОЛОГИЯ ТӘСІЛДЕРІНІҢ БІРІН ТАҢДАП, БЕЙНЕРОЛИК ЖАСАУДЫ БАСТА!
- Жасанды интеллект (ИИ)
- Иллюстрация
- Компьютерлік графика
- 3D кескіндеу (визуализация)
- Видео
- PPT
- Жасаған бейне-ролигіңді таныстыру мәтінін (Word) бірге ұсынуың керек.
- Бейнероликтің ұзақтығы 10 минуттан аспағаны абзал.
ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
- Бейнероликтерді 2025 жылдың 20 қаңтарынан 20 сәуірге дейін ukcbs@mail.kz электрондық поштамызға жолдау керек.
- немесе, Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханаға әкеліп тапсыруға да болады.
НАҚТЫ ЖАЗУ КЕРЕК
- қатысушының аты–жөні
- тұратын мекенжайы
- шығармашылық жобасының тақырыбы
- туған жылы/күні
- мектебінің атауы, сыныбы
- телефон нөмірі
- электрондық мекенжайы
Жобаны қалай жасау керектігі туралы ақыл-кеңес керек пе?
Ереженің соңында жазылған телефон нөмірлеріне хабарласыңдар. Кітапхананың IT мамандары көмектесуге әрқашанда дайын.
МАРАПАТТАУ
Жүлдегерлерді 2025 жылдың 25 сәуірде марапаттаймыз.
БАЙҚАУ МАҚСАТЫ:
- Жастарды заманауи технология жаңашылдықтарын меңгеруге деген ықыластарын арттыру.
- Болашақ мамандық таңдауға дайындау, бағыт-бағдар беру.
Кітапханамыздың сайты мен әлеуметтік желілеріне жазылып, өздеріңе қажет ақпараттар алуды ұсынамыз!
СҰРАҚТАРЫҢ БОЛСА, ХАБАРЛАСЫҢДАР:
+7 7778550705,
8 (7232) 25-17-70
+7 7074949883 (whatsapp) – Жиенбекова Жанат Мәуітқызы
БІЗДІҢ МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ
Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22


