Кітапхана туралы
Майдангер қаламгерлер







Шекара қызметінің ШҚО бойынша департаменті қызметкерлері кітапханамызда болып, 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысқан қазақ жазушы-ақындардың шығармаларымен танысты. Кітап ордасының кинозалында шекарашы сардарлар мен сарбаздарға майдангер жазушылар жайлы тарихи фильмдер көрсетіліп, олардың өмірбаяндары мен шығармалары жайлы тың деректер айтылды.
Сондай-ақ, оқырмандарға қаруларын қаламға ауыстырған Қ. Қайсенов, Б. Момышұлы, М. Ғабдуллин, І. Есенберлин сынды әдебиетшілердің кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға шекарашылармен бірге қаламыздың №3 мектебінің оқушылары да қатысып, аталмыш тақырыпта мол мағлұмат алды.
Сонымен қатар, келушілер кітапханамен танысып, көрсетілетін қызметтер жайлы кең танымдық ақпарат берілді.
Қатысушылар бірауыздан ұйымдастырылған іс-шараның, әсіресе, жас шекарашы сарбаздар мен жасөспірімдер үшін тәлімдік-тәрбиелік мәнінің зор болғанын атап өтті.
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов