Кездесу







Наурызнама бағдарламасы аясында жазушы, өлкетанушы, Оралхантанушы жерлесіміз, «Алаш» халықаралық сыйлығының иегері Тоқтар Мағзұмовпен кездесу өткіздік. Рухани шараға ТЖМ Апаттық медицина орталығы ШҚО бөлімшесінің мамандары қатысты.
Тоқтар Нұржақыпұлы жазушы Оралхан Бөкейдің туған жиені.
«Алтай өрнектері», «Байберді асуы», «Алтай Алашы», «Райыстан Оралханға дейін», «Жазушы жолы», «Қыз суреті» атты кітаптардың авторы.
Жазушы жүздесу барысында туған өлкеміздің тарихы туралы танымдық әңгіме өрбітіп, аңыздардың түп-төркіні туралы сыр шертті.
Шежіреші жазушының тарихтың тереңінен тартқан сұқбаты қатысушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, рухани серпілткендей болды.
Другие новости
17 сәуір 2025

Ульба орталығы кітапханада
Бүгін кітапханамызға Үлбі орталығынан құрметті қонақтар келіп, рухани мекеніміздің тыныс-тіршілігімен...
17 сәуір 2025

Кинозал толған көрермен!
Бүгін кітапханамыздың кино залында қызықты фильмдер желісі болды. Қонаққа №8 мектеп-интернаттың...
17 сәуір 2025

АЙЗАТТЫҢ РУХАНИ ҚУАНЫШЫН БӨЛІСТІК
Күршімнің Жиделі ауылында өмірге келіп, бүгінгі таңда Алматыда аймағымыздың абыройын асырып...
Новости филиалов