











Кітап ордамызда Наурызнама бағдарламасы аясында өткізген «ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КҮНІ» мейрамына келушілер толассыз жалғасуда.
Солардың бірі, №30 орта мектептің 8 сынып оқушыларына бірінші кезекте «ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» атты IR көрмемізді таныстырдық.
Балалар 19 – 20 ғасыр аралығындағы ұлттық киім киген баба ұрпақты көрді. 21–ғасырдағы заманауи ұлттық киім үлгілеріндегі танымал тұлғаларды тамашалады. QR-код арқылы киімдердің тарихымен танысып, тұлғалар туралы ақпарат алды.
Жасанды Интеллект арқылы әр ғасырдағы керемет киімдерді өздері де «киіп көріп», фотосуретке түсіп, мәз-мейрам болды.
«ОЮЛАР СӨЙЛЕЙДІ…» атты көрмемізде балаларды сан алуан ою-өрнектермен таныстырып, әрқайсысының мән-мағынасы туралы әңгімелеп бердік.
Үлкен экранды кинозалымызда «ҚЫЗ ЖІБЕК» көркем фильмін көрсеттік.
Мақсатымыз: классикалық кинодағы ұлттық киімдеріміздің ғажаптығын, салт-дәстүріміздің даналығын және Ана Тіліміздің көркемдігін көрсету.
ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!
«Ұлттық Киім – Ұрпаққа аманат» атты IR-көрмемізді және «Оюлар сөйлейді…!» атты көрмемізді кез келген күні, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін келіп, тамашалауларыңызға болады.
Көңілдеріңіз қалаған ұлттық көркем фильмді үлкен экранды кинозалымызда тегін көрсетеміз!
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу шараларын тапсырыстарыңыз бойынша да қуана өткізіп береміз.
Келіңіздер, мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22
Өтінішпен хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70; +7 747 212 83 31; +7 707 494 98 83


