Кітапхана туралы
АЙЗАТТЫҢ ҚУАНЫШЫН БӨЛІСУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

2025 жылы, 15 сәуірде, сағат 11:00-де Жазушы, Ұстаз жерлесіміз Айзат Рақыштың «МЕНІҢ СУРРОГАТ АНАМ» және «ӘМІРДІҢ МОНОЛОГЫ» атты жаңа кітаптарының тұсаукесер салтанатына шақырамыз!
Жазушымен көркем әдебиет және ұлттық құндылықтарымыз туралы әңгіме-дүкен құрып, өмір туралы сырласамыз!
Айзат Серікқызы РАҚЫШ - жазушы, ұстаз, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Қаламгер 1983 жылы 23 қыркүйекте ШҚО Күршім ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Жиделі орта мектебін тәмамдаған соң, 2002 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ филологиясы факультетіне оқуға түседі. 2006 жылы оқуын аяқтап, 2007 жылы үлкен шығармашылық ортаны аңсап, Алматы қаласына келеді. Сол жылдан бастап тілшілік, жазушылық жолға түседі. Алғашқы әңгімелері республикалық «Мұқағали» журналында, халықаралық «Қазақстан Заманы» газетінде жарық көрген.
2015 жылы қаламгер тұңғыш прозалық жинағын «Өлгендер қайтып келеді» атауымен оқырмандарына ұсынды. Бұл кітап үлкен қаламгерлер тарапынан оң бағасын алып, оқырмандарының жылы ықыласын туғызды. 2018 жылы сәуір айында автор өзінің екінші прозалық жинағының тұсауын кесіп, оқырмандарына «Мұз үстіндегі қызғалдақ» атауымен ұсынды. Сонымен қатар, Айзат Рақыш 100-ден астам мақалалардың авторы. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді жұртшылық назарына ұсына білу де қаламгердің қанына сіңген.
Ақпарат көзі: https://adebiportal.kz/kz/authors/view/3872
Келіңіздер, мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22
Хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Другие новости
13 қыркүйек 2025

Мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар!
Қазақстан Ядролық Қоғамы Ассоциациясы мен Оралхан Бөкей атындағы кітапхана Республикадағы жалпы...
13 қыркүйек 2025

«АҒАМНЫҢ АҚ ҰШАҒЫ» – АЙГЕРІМ ҚИЫҚБАЙ
«Менің әйел кейіпкерлерім өмірде жаныма батқан, мен сезінген, мен көрген қиындықтар, оқиғалар, тағдырлар...
13 қыркүйек 2025

Өз отбасыңа сыйлық
✨ Бүгін, 12 қыркүйекте, Оралхан Бөкей атындағы кітапханада Отбасы күніне орай шығармашылық шеберлік...
Новости филиалов