









12 сәуір – адамзат тарихында алтын әріптермен жазылған күн. Дәл осы күні алғаш рет ғарышқа жол ашылып, адам баласы Жер шекарасынан тыс сапарға аттанған еді. Осы атаулы датаға орай кітапханамызда ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Білімге құштар кішкентай бүлдіршіндеріміз кітапханаға келіп, ғарыш әлеміне қызықты саяхат жасады.
Шара барысында балалар елімізде теңдесі жоқ, көлемі зор, арнайы жабдықталған планетарийге кіріп, шынайы ғарыш кеңістігін көзбен көргендей әсер алды. Танымдық фильм арқылы олар ғарыш кеңістігінің тылсым құпияларымен танысып, жұлдыздар мен ғаламшарлар жайлы тың мәліметтерге қанықты.
Бұл – балалар үшін тек қызықты ғана емес, таным көкжиегін кеңейтетін маңызды қадам болды. Ғарыш туралы әсерлі көріністер мен тың ақпараттар олардың қиялын шарықтатып, жаңа армандардың ұшқынын тұтатқаны сөзсіз.


