Құрметті Бойжеткендер және Бозбалалар!

15 сәуір – «Ғашықтар күні», сағат 15:00-де «ПОЭЗИЯ – МАХАББАТТЫ ЖЫРЛАЙДЫ!» атты сезіми жырлар мен жастық шақ сырлары кешіне шақырамыз!

Жастар бас қосып, Отанға, Ел мен Жерге, Ана Тілімізге, Ата-Анаға және Ғашық Жанға деген адал махаббат туралы өлең оқимыз, ақ сезімді домбыра әуенімен жеткізіп, әуезді әндерді әуелетеміз!

Махаббат қызық – мол «күндер-ай» деп толғанып, сыр бөлісеміз!

Әрине, тарихымызда қалған махаббат мұңлықтарын дәріптеп, еске аламыз!

Бүгінгі таңда жастарға үлгі болар танымал жұптарды да дәріптейміз!

Көңілдеріңіз қаласа, кітапханамыздың үлкен экранды кинозалында көркем фильмдер көрсетеміз:

-«Қыз Жібек»

-«Қозы Көрпеш - Баян сұлу»

-«Махаббат дастаны»

-«Махаббат қызық мол жылдар»

-«Қыз бен Жігіт» және т.б.

Келіңіздер, мекенжайымыз:

Оралхан Бөкей атындағы кітапхана

Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22

Новости филиалов