ҰСТАЗ ӘНУАР НӘСІР  БАЛАЛАРДЫ ТАҢҚАЛДЫРДЫ!

Ұстаз болсаң – ӘНУАР НӘСІРДЕЙ бол! 

Иә, шынында да Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі ӘНУАР НӘСІР кітапханамызда өткізген «КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ» ФИЗИКА» атты ғылыми-танымдық тәжірибелік шарасы ерекше қызықты  өтті.

 «Ғылым күніне» орай ұйымдастырылған шараға облыстық дарынды балаларға арналған «Білім – Инновация» лицейінің оқушылары қатысты.

 «Үйіміздігі шамшырақ қалай сәуле шашады», «шәугімдегі шайымыз қалай қайнайды», «үтігіміз қалай тез қызады», «теледидар қалай көрсетеді», «көліктегі сақтық жастықшасы апат кезінде адамды өлімнен қалай сақтап қалады» деген сияқты күнделікті тұрмыстық жағдайымызда қолданылатын физика кереметтерін ұстаз ӘНУАР НӘСІР тәжірибе түрінде көрсете отырып, түсіндіріп берді.

Балалардың күнделікті өзіміз қолданатын физиканың қыр-сырына  қызыққандары сондай, өздері де тәжірибе түрінде жүзеге асырып көрді. Сөйтіп, өздері ашқан жаңалықтарға мәз-мейрам болысты.

Міне, осылайша ұстаз ӘНУАР НӘСІР бір ғана шараның өзінде қаншама баланың физика ғылымына деген ынта-ықыласын арттыра білгеніне біз де таңқалдық.

Ұстаз болсаң - баланың шамшырағын жаға білетін ӘНУАР НӘСІРДЕЙ болғанға не жетсін, шіркін!

Новости филиалов