Кітапхана туралы
21-25 сәуір аралығында жастарға мамандық таңдау бойынша бағыт – бағдар беру апталығына шақырамыз!

Құрметті мектеп Ұстаздары және 9,10,11 сынып оқушылары!
Сіздерді 2025 жылы, 21-25 сәуір аралығында жастарға мамандық таңдау бойынша бағыт – бағдар беру апталығына шақырамыз!
Болашақта заманауи кәсіп иесі атанып, бақ-дәулетті болғыларыңыз келе ме?
Бұл орайда біз сіздерге көмектесеміз!
Бір апта бойы жаңа мамандықтармен және қайда білім алуға болатыны туралы ақпараттармен таныстырамыз!
Атом технологиясы және экология маманы болу қызықтыра ма?
Ол туралы Астанадағы Қазақстан ядролық қоғамдастығының атом технологиясы бойынша ақпараттық орталығының директоры Сейіт Әлиевпен кездесіп, қызықты сұқбатқа куә боласыздар!
Сонымен бірге, Өскемен қаласы колледждерінің өкілдері өздері оқытатын мамандық түрлері туралы ақпарат береді.
Құрметті Ұстаздар, апталықтың ақпараттық шараларына сынып болып қатысу үшін өздеріңіз қалаған күнге және уақытқа тапсырыс берулеріңізге болады.
Өтініштеріңізді қуана құп аламыз және мамандық таңдау шарасын ықыласпен өткізіп береміз!
Сұраңыздар, хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Келіңіздер, мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов