Кітапхана туралы
Білім мен руханияттың тоғысқан тұсы













Бүгін кітапханамызда ерекше бір рухани сәттің куәсі болдық. «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсының ұстаздары білім ордасына арнайы қонақ болып келді.
Көкірегі ояу, көзі қарақты, ел ертеңі үшін тер төгіп жүрген ұлағатты ұстаздар кітапхана қорымен, қызмет бағыттарымен танысып, кітап әлеміне саяхат жасады.
Кездесу барысында олар үшін кітапхана тек білімнің ғана емес, тәрбие мен тағылымның ордасы екені айқын сезілді. Әңгіме өрбіген сайын жүректерге жылу ұялатқан әсерлі сәттер көп болды. Ұстаздар қауымы өз ойларымен, жылы лебіздерімен бөлісіп, рухани ортадан ерекше әсермен тарқасты.
Осындай басқосулар кітап пен ұстаз қадірін арттырып, келешекке деген сенімді нығайта түседі.
Кітап – ұстазға, ұстаз – ұрпаққа қызмет етеді.
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов