Кітапхана туралы
«Поэзия махаббатты жырлайды» атты әдеби кеш өтті










15 сәуір — Ғашықтар күніне орай кітапхана төрінде жүрекке жылу, көңілге шабыт сыйлаған әдеби кеш өтті. «Поэзия махаббатты жырлайды» деген атаумен ұйымдастырылған бұл рухани жиынның мақсаты — махаббат тақырыбын жырлаған поэзия арқылы оқырман жүрегіне жол табу, сырлы сезім мен сөз құдіретін ұштастыру болды.
Кешті кітапхана маманы Аян Қалымбек жүргізіп, поэзияға жаны құмар жастарды бас қосуға шақырды. Алдымен қызықты сұрақ-жауап ойынын өткізіп, көңілді атмосфера қалыптастырды. Одан соң жас оқырмандар өз жүректерінен шыққан авторлық жырларын оқып, махаббат тақырыбын түрлі қырынан өрбітті. Домбырамен әуелете шырқалған әндер кешке ерекше әр беріп, ұлттық өнердің нәзік иірімдерін сезіндірді.
Бұл кеш — махаббаттың мәңгілік сырын сөзбен өрнектеген, жүректер үндестігін жырға айналдырған ғажайып сәтке айналды.
Ғашықтық — сезім емес жалын деген,
Жанымен жыр кешетін жалынды өрен.
Поэзия — жүректің лүпіліндей,
Сезімнің сазға айналған шағымды өлең.
Другие новости
13 шілде 2025

Пән курстары
Құрметті Достар! Сіздер үшін керемет жақсылық! Физика пәніне қызығасыздар ма? Әлде,...
13 шілде 2025

Оралхан Бөкей атындағы кітапхананың интеллект...
Интеллектті дамытқың келе ме?Адамзаттың болашағына көз жүгіртіп, заманауи фантастика әлеміне еніп...
13 шілде 2025

TechnoSHEBER 3D зертханасына шақырамыз!
🌟 3D-принтермен жұмыс істеуді, өзіңіздің жеке үлгілеріңізді жасауды және идеяңызды шындыққа айналдыруды...
Новости филиалов