Кітапхана туралы
МАМАНДЫҚТАР АПТАЛЫҒЫН АЯҚТАДЫҚ








2025 – «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай 9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру апталығын бүгін қорытындыладық.
Шарамызға қатысқан қаламыздағы отыз жеті (37) мектептің оқушыларына «Жаңа мамандықтар Атласын» таныстырдық.
Астанадағы Қазақстан ядролық қоғамдастығының атом технологиясы бойынша ақпараттық орталығының директоры Сейіт Әлиев жастармен жүздесіп, орталыққа керек мамандықтар барысы туралы ақпарат берді.
Өскемендегі он төрт (14) колледждің Ұстаздары өз оқу орындарында оқытылатын мамандықтар туралы айтты.
Ал біз, өз кезегімізде кітапханамыздағы заманауи Технология және Жасанды Интеллект арқылы жүзеге асырылған жаңашыл жұмыстарымызды таныстырдық. Мақсатымыз - жастардың технологи жаңалықтарын меңгеруге деген ынта-ықыласын арттыру болды.
Апталық арқылы Оқушылардың болашақ мамандықтарын таңдауларына аз да болса ықпал ете алсақ, біз үшін қуаныш.
Бұл реттегі шараларымыз келешекте те жалғасатын болады.
Құрметті Ұстаздар, Оқушылар және Жастар!
Болашақты бүгіннен бастауға шақырамыз!
Бұл мақсатта қандай да бір рухани қолдау керек болса, хабарласыңыздар! Біз қуана құп алып, өтініштеріңізді жедел орындаймыз!
Сұраңыздар, хабарласыңыздар:
8 (7232) 25-17-70
+7 747 212 83 31
+7 707 494 98 83
Келіңіздер, мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов