Кітапхана туралы
САРБАЗДАР КЕЛДІ, САП ТҮЗЕП!






Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің Өскемендегі әскери бөлімшесінің және Ішкі істер министрлігінің «Ұлттық Ұлан» сарбаздары сап түзеп кітапханамызға келіп, «АНТҚА АДАЛ САРБАЗБЫН!» атты шарамызға қатысты.
7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр – «Жеңіс күні» мерекелеріне арналған кездесуде ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары – басқарма басшысы, майор ЖАСҰЛАН САТЫБАЛДИЕВПЕН жүздесті.
Әскерге шақыру жұмысындағы жаңашылдықтар, міндетті әскери қызметін өтеп келгендерге жасалатын жеңілдіктер және т.б. өзекті мәселелер туралы сұқбат құрған Сарбаздар өз сұрақтарына да толықққанды жауап ала алды.
Ал біз өз кезегімізде әскери жастарға Қазақ Халқының және шығысқазақстандықтардың соғыстағы ерлігі мен тылдағы еңбегі туралы «ЖЕҢІС ҚҰНЫ: БІЗДІҢ БАТЫРЛАР» атты тарихи деректі ролл-ап көрмемізді таныстырып, рухтандырдық.
Майдангер - Жазушылардың кітаптарына арналған көрмемізге шолу жасап, қаруларын қаламға айырбастаған батырлар туралы әңгімелеп бердік.
Осыдан кейін кітап ордамыздың үлкен экранды кинозалында соғыс туралы құнды деректер айтып, тарихи фильмдер көрсеттік.
Другие новости
3 шілде 2025

Кітапханадағы жаңалық – RFID технологиясы
Құрметті Оқырмандар! Біздің кітапханада RFID-карталарын (смарт карталарды) қолданатын жаңа есепке...
3 шілде 2025

Назар аударыңыздар, хабарландыру!
Астана күнімен құттықтаймыз!Сіздерді еліміздің бас қаласы – Астананың күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...
3 шілде 2025

А.П.ЛАЗАРЕВ АЗАМАТТЫ ҚУАНТТЫ!
Біздің басты демеушіміз «KAZZINC ” ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ...
Новости филиалов