«Мәдениет және Өнер саласы мекемелерінің қызметіндегі Жасанды Интеллект»тақырыбындағы ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады!

ШҚО Мәдениет басқармасы және ШҚО Кітапханашылар қауымдастығы
мәдениет және өнер саласы мекемелерінің мамандарын
«Мәдениет және Өнер саласы мекемелерінің қызметіндегі Жасанды Интеллект»
тақырыбындағы ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады!

Алқалы жиынның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының мәдениет мекемелерінің қызметінде жасанды интеллект қосымшаларын пайдалануды іс-тәжірибе түрінде үйрету және жүйелі білім беру.
Өткізу мерзімі: 2025 жыл, 30 маусым – 1 шілде аралығы
Мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22

🕘 Өткізу үлгісі: офлайн
Тренингтік сессиялар және баяндамалар қазақ және орыс тілдерінде өтеді.


Негізгі тақырыптар:
• Жасанды Интеллектің дамуы. Жасанды нейронды желілердің жұмыс істеу қағидалары.
• Үлкен тілдік үлгілер және оларды мәдениет мекемелерінің үлгілік міндеттерін шешу үшін пайдалану ерекшеліктері.
• Жоғары сапалы бейнелеулер, аудио-бейне-контенттер жасау үшін Жасанды Интеллект желілерін пайдалану.
• Жасанды Интеллекті мәдениет саласында пайдаланудың әдептік және құқықтық мәселелері.


Конференция спикері және тәлімгері:
Степанов Вадим Константинович
Ресей ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бойынша Ғылыми ақпарат институтының кітапхана ісі бойынша ғылыми-зерттеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері.


Бағдарламада:
• Пленарлық және Секциялық отырыстар
• Шеберлік сыныптары және Тренингтік сессиялар
• Шығармашылық және зерттеу жобаларын таныстыру
• Панельдік пікірталастар және басқосулар


Тіркеу:
✅ 2025 жылдың 24 маусымына дейін (сағат 18:00-ге дейін)
🔗 Қашықтан (онлайн) тіркеу - www.bokeylibrary.kz сайтында
📧 Немесе - email арқылы: ukcbs@mail.kz | ukcbs@mail.ru


Сұрақтарыңыз болса, марқабат, хабарласыңыздар:
• +7 (7232) 250364, 251770
• +7 747 212 8331 (WhatsApp)
• Жиенбекова Жанат Мәуітқызы
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары
📱 +7 777 855 0705 | +7 707 494 9883 (WhatsApp)
• Ахметжанова Айгүл Қанапияқызы
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары
📱 +7 777 331 6365(What’sApp)


Новости филиалов