Кітапхана туралы
АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ - Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан сақтап қалған. Еңбекақысыз қызмет етіп, өз қажыр-қайратымен қайта түлеткен.
Отыз жылдан аса меңгерушісі болып, ауыл халқына адал және абыройлы қызмет еткен Кәрібай Ыдырышұлының еңбегі «Орда» баспа үйі шығарған «Қазақстанның Алтын Кітабы» энциклопедиясында дәріптелді.
Мәдениет саласының ардагері, Марқакөл ауданы, Қалжыр ауылының ардақты азаматын еске алып, өлке руханиятын өркендеткен өнегелі өмірін ұрпаққа ұлағат етуге арналған «АУЫЛ-АНАСЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТ» атты шара өткіздік.
Шара барысында мәдениет ардагерінің ұрпағы, туыстары, әріптестері, сыныптастары, жерлестері және Өскемен қаласының зиялы қауымы естеліктерін бөлісті.
Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмаз Нұрғалиев «Қазақстанның Алтын Кітабы» энциклопедиясын Кәрібай Ыдырышұлының ұрпағы Кульгар, Талғат Мұсабаевтарға салтанатты түрде табыс етті.



Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов