Кітапхана туралы
БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!:
КОМИКС-АҢЫЗДАР»
балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын
өткізу барысы туралы
ЕРЕЖЕ
Байқауды ұйымдастырушы:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Қатысушылардың жас мөлшері:
Шығыс Қазақстан облысының 7 - 16 жас аралығындағы балалары.
Байқау жұмысын жеке, немесе бірнеше бала бірлесіп орындауға да болады.
Шығармашылық жұмыстар екі топ бойынша бағаланады:
7–12 жас
13–16 жас
Байқау тапсырмасы
- Туған өлкенің тарихы, мәдениеті, немесе өлкеге байланысты аңызы бойынша электрондық үлгіде (сандық үлгідегі технология) комикс жасау.
- Комиксті бояу, қарындаш, маркер және т.б. құралдар арқылы қағазға салуға да болады. Комикстің мәтінін және кейіпкерлердің сөздерін жазып, тақырып қояды
1-санаттағы қатысушылар: 7–12 жас
Шығармашылық жұмысты орындау талаптары:
- Жеке, немесе топ болып ( 3 адамға дейін)
- Үлгісі: электрондық (PDF, PNG, JPEG, 300 dpi), немесе қағаз түрінде (сканерлеу)
- Көлемі: 1 - 3 парақ + мұқабасы
- Панелі: бір параққа 3 көрініс
- Мәтіні және мәнері — кішкентай балаларға түсінікті болуы керек.
Қосымша материалдар:
- Көріністің туған өлкеге байланысты екені туралы қысқаша мәтін жазу – 100 сөзге дейін.
- Егер нейрожеліні пайдаланса — қандай құрал-жабдықтарды қалай пайдаланғаны туралы жазу – 30 сөзден асырмау. (мысалы, фон үшін Midjourney, идея үшін ChatGPT DALL·E және т.б.)
Бағалау шарттары:
-Туған өлкеге байланысты болуы
- Сюжеттің түсінікті болуы
- Көркемдік деңгейі
- Деректің шынайылығы
- Орындалу ерекшелігі
2-санаттағы қатысушылар: 13–16 жас
Шығармашылық жұмысты орындау талаптары:
- Жеке, немесе бірнеше бала бірлесіп орындау (3 адамға дейін)
- Үлгісі: электрондық (PDF, PNG, JPEG, 300 dpi), немесе қағаз түрінде (сканерлеу) .
- Көлемі: 2 -ден 4 параққа дейін + мұқаба
- Панелі: 1 параққа 4 көрініс
Қосымша материалдар:
- Сюжеттің туған өлкемен байланысты екендігі туралы туралы қысқаша мәтін жазу - 150 сөзден асырмау.
- Егері, нейрожеліні қолданса — қандай құрал-жабдықтарды пайдаланғаны туралы қосымша мәтін жазу - 50 сөзден асырмау. (мысалы - фон үшін Midjourney, идея үшін ChatGPT DALL·E және т.б.)
Бағалау шарттары:
- Туған өлкеге байланысты болуы
- Деректің нақтылығы
- Нейрожеліні пайдалану шеберлігі (егер, пайдаланса)
- Мәтінді сауатты және көркем жазуы
- Суреттердің көркемдік деңгейі
Жұмыс көлемі
Қағаз түрінде болса (сканерленген нұсқа: A4, немесе A3).
Электрондық үлгі үшін: файл PDF үлгісінде, PNG немесе JPEG - 300 dpi кем болмауы.
Жұмыстарды қабылдау: 2025 жылдың 2 маусымынан 3 қазанға дейін.
Марапаттау: 2025 жылы, 24 қазанда, Республика күні қарсаңында жеңімпаздар «Алғыс хат» және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Қазылар алқасы
Кәсіби суретшілер, тарихшылар, өлкетанушылар және кітапхана мамандары шығармашылық жұмысты жан-жақты бағалайды.
Қатысуға өтініш беру:
Төмендегі Өтініш Үлгісін толтырып, шығармашылық жұмыспен бірге біздің электрондық поштамызға жолдаңыздар:bokeylibrary@gmail.com]
Ұйымдастырушы қатысушылардың жұмыстарын өлкетану бағытында пайдалануға құқылы. Байқаудың үздік жұмыстарының жинағын шығару жоспарлануда.
Байқау мақсаты:
- Заманауи комикс жанры арқылы жастардың туған өлкенің тарихын білуге деген ынта-ықыластарын арттыру;
- Заманауи технологиямен жұмыс істеуге баулу;
- Шығармашылық дарын - қабілеттерін дамыту.
Түсінбеген тұстарыңыз болса, хабарласыңыздар:
БАБИРОВ РУСЛАН АМАНҰЛЫ, 87082127826, +77472128331.
ӨТІНІШ ҮЛГІСІ:
Аты-жөні | Жасы | Мектебі, сыныбы | Шығармашылық жұмыстың тақырыбы | Тұратын мекенжайы | Телефоны, электрондық поштасы |
Біздің мекенжайымыз:
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Другие новости
29 мамыр 2025

БАЛАЛАР, БАЙҚАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
«ТУҒАН ӨЛКЕМНІҢ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕЙМІН!: КОМИКС-АҢЫЗДАР» балаларға арналған облыстық өлкетану байқауын...
24 мамыр 2025

Digital Kids: 3D, AI және Мультстудия
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қонақтар — «Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері...
22 мамыр 2025

АУЫЛЫН АЯЛАҒАН АЗАМАТТЫ ДӘРІПТЕДІК!
КӘРІБАЙ МҰСАБАЕВ – Кеңес Одағы тараған елең-алаң кезеңде Қалжыр ауылындағы мәдениет үйін жабылудан...
Новости филиалов