АНДРЕЙ ЛАЗАРЕВ РИЗА БОЛДЫ!

Біздің ауқымды жобаларымыздың бас демеушісі «KAZZINC» ЖШС.
Бүгін компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры ЛАЗАРЕВ АНДРЕЙ ПАВЛОВИЧ кітап ордамызға келді.
Өз қолдауларымен «БалаDARYN» атты жобамыздың аясында Халықаралық Балалар күні мерекесіне орай ашылған инклюзивті анимация студиясымен танысты.
Заманауи технология кереметтерін көрсету шарасын Әсел есімді аватар қызымыздың алғысөзімен бастадық.
Кешенді студиядағы интерактивті қабырға, интерактивті еден, интерактивті үстел және интерактивті құмда балаларды шығармашылықпен айналыстыру арқылы қалай жан-жақты дамытуға болатынын көрсетіп, айтып бердік.
«KAZZINC» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры АНДРЕЙ ЛАЗАРЕВ кітап ордамыздағы басқа да заманауи жобаларымыздың нәтижесімен танысып, дән-риза болды.
ҚҰРМЕТТІ БАЛАЛАР!
Біздің керемет Мультстудиямызда сурет салып, жандандырып, өз мультфильмдеріңді түсіруге және түрлі ойын ойнап, басқа да қызықтарға кенелуге шақырамыз!

Мекенжайымыз:
Оралхан Бөкей атындағы кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22
Хабарласыңыздар!
8 (7232) 25-17-70; +7 747 212 83 31; +7 707 494 98 83

Новости филиалов